Сирияда 19 адам қаза болды

Сирияда сәрсенбі күні үкіметке наразылық танытқандарға қарсы қауіпсіздік күштері жүргізген операция барысында кемінде 19 адамның қаза болғаны туралы ақпарат жетіп отыр.

Олардың көбі халық толқуының негізгі ошақтарының біріне айналған Хомс қаласында құрбан болған. Куәгерлердің айтуынша, үкімет әскері қаладағы тұрғын үйлерді танктен атқылаған. Солтүстіктегі Алеппода бірнеше мың студент қатысқан шеруді қауіпсіздік күштері қуып таратқан. Харра қаласында да әскери операция жүргізілген.

Сириялық құқық қорғаушылардың деректері бойынша, елде екі айдан бері жалғасып жатқан жаппай наразылық толқулары барысында 750 кісі мерт болып, мыңдаған адам тұтқындалған.