Кэмерон Ливия көтерілісшілерін Лондонда кеңсе ашуға шақырды

Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания премьер-министрі. Көрнекі сурет.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Муаммар Каддафидің режиміне қарсы күресіп жатқан ливиялық көтерілісшілерді Лондонда тұрақты кеңсе ашуға шақырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Кэмерон бүгін Лондонда көтерілісшілердің Ұлттық өтпелі кеңесі басшысы Мустафа Абдул-Жалилмен өткізген кездесуінен кейін хабарлады.

Кэмеронның айтуынша, тұрақты кеңсенің ашылуы ливиялық көтерілісшілердің Ұлыбританиямен байланысын күшейтуге көмектеседі. Лондон көтерілісшілердің ұлттық өтпелі кеңесін Ливияның заңды үкіметі деп әлі мойындамаған.