Пәкістанда екі жарылыстан 11 адам мерт болды

Жарылыс болған жерді зерттеп жатқан пәкістандық полиция өкілдері. 10 мамыр 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Пәкістанның солтүстік-батысында үкіметті қолдайтын қарулы құрылымдардың жаттығу орталығының ғимараты маңында жасалған екі бірдей жарылыс салдарынан кемінде 11 адам көз жұмып, ондаған кісі жараланған.

Полицияның алдын-ала деректері бойынша, екі жарылысты да жанкештілер жасаған.

Қаза болғандардың көпшілігі - бүлікшілерге қарсы күресіп жүрген қарулы құрылымның сарбаздары деп хабарланды.