Ресей нәсілшілдікпен кісі өлтірген скинхедтерді түрмеге жапты

Сотқа тартылған ресейлік скинхедтер

Мәскеу соты басқа ұлт өкілдерін жеккөрушілікпен нәсілшілдік шабуылдарын жасаған 4 әсіре ұлтшылға түрме жазасын берді.

Олар Мәскеу маңындағы Дзержинскіде орналасқан «Ақ легион» тобының мүшелері. Бұл топтың мақсаты славян емес ұлттарға қарсы шабуылдар жасау болып табылады.

Хабарларға қарағанда, сот оларға 5 жылдан 22 жылға дейінгі түрме жазасын берген, басқа мәліметтер айтылмады. Олар 21 жастағы Өзбекстан азаматы мен 50 жастағы әзірбайжандықты өлтірді және басқа да жеккөрушілік шабуылдар жасады деген айыпталды.