Иранның мұнай министрі қызметінен босатылды

Иран президенті мұнай министрі мен тағы басқа екі министрді қызметінен босатты.

ИСНА агенттігінің хабарлауынша, "президент Махмуд Ахмадинежадтың жарлығымен мұнай, әлеуметтік қамтамасыз ету және индустрия министрлері босатылды". Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.