Әзербайжан Евровидение байқауында жеңіске жетті

Әзербайжанның Ell&Nikki дуэты Евровидение байқауында

Әзербайжан 2011 жылғы Евровидение әндер байқауында жеңіске жетті.

Ell&Nikki деп танылып кеткен Эльдар Гасимов пен Нигар Жамал өздерінің Running Scared әнімен осы жылғы байқауда бірінші орынды иеленді.

Дюссельдорфта өткен 56-шы Евровидение байқауындағы екінші орынды Италия, ал үшінші орынды Швеция алды.