Қаражанбастағы ереуілге байланысты мұнай өндірісі тоқтады

Маңғыстау облысы Бозащы жарты аралындағы Қаражанбас мұнай кеніші.

Маңғыстау облысындағы Қаражанбас мұнай кенішіндегі жұмысшылардың ереуілі жалғасып жатқандықтан компанияның бірқатар нысандарында өндіріс тоқтатылды.

«Қаражанбасмұнай» компаниясының бейсенбі күнгі мәлімдемесінде "мамырдың 16-да 700-ден астам қызметкер рұқсат етілмеген ереуілге қатысу үшін жұмыстарын тоқтатты" делінген.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қазақстанның батысындағы мұнай кенішіндегі жұмысшылар еңбекақы мөлшерін ұлғайтуды және тәуелсіз кәсіподақ ұйымын құруға кедергі келтірмеуді талап етіп отыр.