Пәкістанда жарылыстан 1 кісі мерт болып, 11 адам жараланды

Пәкістан қауіпсіздік күштері бүлікшілер шабуыл жасаған бақылау бекетінде тұр. Пешавар, Пәкістан, 18 мамыр 2011 жыл.

Пәкістаның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында жол бойында болған жарылыстан 1 кісі қаза болып, 11 адам жараланды.

Бұл уақытта әлгі жолмен АҚШ консулдығының көлігі келе жатқан. Бұл туралы Рейтер агенттігіне АҚШ-тың Пәкістандағы елшілігінің өкілі Альберто Родригес хабарлаған.

Жарылыс салдарынан қаза болған адам ол маңнан мотоциклмен өтіп бара жатқан екен. Жараланған 11 кісінің арасында екі шетелдік азаматтың болғаны хабарланды.