Киркуктағы зорлық-зомбылықтан 5 адам қаза болды

Киркуктағы жарылыстан кейінгі көрініс. 19 мамыр 2011 жыл.

Сенбі күні Ирақтың Киркук қаласындағы зорлық-зомбылықтан 5 адам мерт болды.

Осыдан екі күн бұрын бұл қаладағы полиция штаб-пәтері жанындағы үш жарылыстан 29- адам мерт болып, 90 кісі жараланған еді.

Бағдадтан 290 шақырымдағы Киркук қаласында этникалық негіздегі жанжалдар болып тұрады. Мұнайға бай бұл қаланы күрдтер, арабтар және түркімендердің әрқайсысы өзінікі деп есептейді.