АҚШ президенті Еуропаға сапарын Ирландиядан бастады

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Ирландияға жетіп, Еуропа елдеріне 4 күндік сапарын бастады.

Обама бұл сапарында түп нағашысының туған жері Ирландияның кішкентай ауылы Монигалға да бармақшы. АҚШ президенті Барак Обаманың әкесі - кениялық, анасы - америкалық ирланд.

Обама сейсенбі күні әйелі Мишельмен бірге Британияға барып, Элизавета патшайымның қонағы болады. Одан кейін осы аптада Францияда өтетін үлкен сегіздік тобының жиынына қатысып, сапарын Польшаға жалғастырады.