Қарабах маңында әзербайжан әскері қаза тапты

Әзірбайжан әскері.

Жексенбі күні Таулы Қарабах аймағында әзербайжан әскерін армениялық мерген атып өлтірді деп мәлімдеді Әзірбайжан қорғаныс министрлігі.

Бұл - осы даулы аймақта қаза тапқан он үшінші сарбаз. 1990-жылдардың басында Таулы Қарабах қақтығысы кезінде 30 мыңдай адам құрбан болып, көптеген тұрғын босып кеткен.

Әзербайжан бұл аймақты қайтарып алу үшін күш қолданатынын айтып келеді.