Ауғанстандағы жарылыстан НАТО-ның 8 сарбазы мерт болды

АҚШ сарбаздары жарылыс болған жерде жүр. Кандагар, Ауғанстан, 19 мамыр 2011 жыл.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында бейсенбі күні жарылыстан НАТО-ның 8 сарбазы мен ауған полициясының екі қызметкері мерт болған.

Қаза тапқандардың жетеуі АҚШ әскерилері екендігі хабарланды.

Ауғанстандық тәліптер НАТО сарбаздары шолуға шығатын аумаққа жарылғыш затты өздері қойғанын мәлімдеді.