Экс-губернатор Митт Ромни АҚШ президенті сайлауына түсетінін мәлімдеді

Митт Ромни.

АҚШ-тың Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы, республикалық партия қайраткерлерінің бірі Митт Ромни 2012 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді.

Митт Ромни Нью-Гэмпшир штатында сөйлеген сөзінде қазіргі президент Барак Обама әкімшілігінің саясатын, оның ішінде әсіресе экономика саласына қатысты іс-қимылын өткір сынға алды.

Митт Ромни 2008 жылғы президент сайлауында да Республикалық партиядан өз кандидатурасын ұсынбақ болған. Бірақ сол жолы праймеризде оның партияласы Джон Маккейн басым түскен еді.