Халықаралық валюта қоры Египетке үш миллиард доллар береді

Гиза пирамидалары.

Халықаралық валюта қоры Египетке несиеге үш миллиард доллар беруге келісті.

Бұл несие биыл сол елде президент Хосни Мүбәрәкті ақыр соңында биліктен кетуге мәжбүр еткен әлеуметтік сілкіністер салдарынан зардап шеккен ел экономикасын қайтадан қалпына келтіру үшін бір жыл мерзімге берілмек.