Ауғанстанда бүлікшілер үйлену тойында 9 адамды өлтіріп кетті

Қарулы тәліп бүлікшісі Нангархар провинциясындағы бақылау бекетінде. Ауғанстан, 13 желтоқсан 2010 ж.

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында үйлену тойы өтіп жатқан үйге баса-көктеп кірген қарулы топ ондағы адамдарға оқ жаудырып, үй мен автокөлікті өртеген.

Билік орындарының хабарлауынша, бүлікшілердің шабуылынан 9 адам қаза болған. Үйленіп жатқан адам жергілікті әкімнің туысы екен.

Бұл оқиғаның жауапкершілігін әзірше ешкім мойнына алған жоқ.