Маусымның 20-сында Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы. Астана, 14 қаңтар 2011 жыл.

Қазақстан парламентінің қос палатасы - сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы маусымның 20-сына шақырылды.

Бұл туралы мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың өкімі бүгін ресми басылымдарда жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясы­ның 58-бабы 4-тар­ма­ғының 2) тармақшасына сәй­кес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.

Алайда бірлескен отырыстың күн тәртібінде қандай мәселелер қаралатыны айтылмаған.