Бакуде оппозиция жиыны таратылды

Әзербайжан астанасы Бакуде демократиялық реформаларды талап еткен оппозиция жиыны қуып таратылды.

Маусымның 19-ында қаладағы ірі алаңдар мен парктерге жиналған жұртты полиция шығарып жіберді.

Жиналғандар "Азаттық!", "Саяси тұтқындар босатылсын!" деп ұрандатқан.