Пан Ги Мун екінші мерзімге қайта сайланды

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун осы қызметіне қайта сайланды.

Оны екінші мерзімге сайлау жөніндегі шешім сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында қабылданды.

Жасы 67-дегі Пан Ги Мун климаттың өзгеруі және ядролық қарусыздану жолында сенімге ие болған. Бірақ Қытай мен Ресейдегі адам құқығы мәселелеріне байланысты сынға ұшыраған.

Оңтүстік Кореядан шыққан дипломаттың БҰҰ бас хатшылығындағы екінші мерзімдегі бес жылдық қызметі 2012 жылдың қаңтарында басталады.