Сирия сыртқы күштердің араласуына көнбейтінін мәлімдеді

Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем.

Сирияның сыртқы істер министрі Валид Муаллем "Дамаск елдің ішкі ісіне араласқан сыртқы күштерге төзбейтінін" мәлімдеді.

Түркия маусымның 22-сі күні көбісі шекаралас түрік аймақтарына қашқан шерушілер қарсылығын басуды доғаруды қатаң талап еткен еді. Сирияның мәлімдемесі осы талаптан кейін жасалды.

Сирия осы елдегі бейбіт шеруді басып-жаныштауға қатысты Еуропа одағының санкциясын да мойындамады. "Еуропаның картада бар екенін ұмытайық" деп мәлімдеді Валид Муаллем.