Түркия шекарасына бір күнде 1500 сириялық босқын барды

Түрік шекарасындағы сириялық босқындар лагері. 12 маусым 2011 жыл.

Соңғы бір күннің ішінде 1500-ден астам сириялық босқын Сирия-Түркия шекарасындағы уақытша лагерьге келді. Босқындар үкіметке қарсы бүлікті ауыздықтау үшін шекара аймағына жеткен Сирия әскерінен қауіптенген. Қазір бұл лагерьлерде 11 мың 700-дей босқын бар деп хабарлайды Түркияның Анадолы ақпарат агенттігі.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирияны Түркиямен шекарадағы әскерін әрі әкетуге шақырды.

Сириялықтар ел президенті Башар әл-Асадқа қарсы наразылықты басуға шыққан әскерден қашып, Түркия шекарасына кетіп жатыр.