Миллиардер Прохоров - "Правое дело" басшысы

"Правое дело" жетекшісі Михаил Прохоров. Мәскеу, 25 маусым 2011 жыл.

Ресейлік миллиардер Михаил Прохоров "Правое дело" партиясының жетекшісі болып сайланды.

Бүгін Мәскеуде партияның 170-тен астам мүшесі алдында сөйлеген сөзінде Прохоров Ресейдің бірпартиялық билігін сынады. Прохоровтың атап көрсетуінше, "Правое дело" - оппозициялық партия емес.

Бизнесті қолдайтын бұл партия 2012 жылы президент сайлауында Дмитрий Медведевтің екінші мерзімге сайлануын қалайды. Ресейде соңғы он жыл ішінде алғашқы рет ықпалды бизнесмен саяси аренаға шығып отыр.