Қамаудағы Рамазан Есіргепов Хелмман-Хаммет сыйлығымен марапатталды

Полиция Рамазан Есіркеповті сот үкімі оқылған соң әкетіп бара жатыр. Тараз. 8 тамыз 2009 жыл.

Қазақстандағы саяси тұтқын Рамазан Есіргепов 2011 жылғы Хелмман-Хаммет сыйлығымен марапатталды.

Бұл туралы Хьюман Райтс Вотч халықаралық құқық қорғау ұйымы хабарлады.

Рамазан Есіргепов - осы сыйлықты иеленген үшінші қазақстандық.

«Алма-Ата ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов 2009 жылы газетте «Елімізді президент басқара ма, әлде ҰҚК ма?» деген мақала үшін 3 жылға сотталған еді.

Хелмман-Хаммет сыйлығы саяси қуғын көрген жазушылар мен журналистерге беріледі.