АҚШ Пәкістанға әскери көмек көрсетуін тоқтатты

Пәкістан туы.

АҚШ Пәкістанға әскер көмек беруін тоқтатты деп мәлімдеді Ақ үйдің аппарат басшысы Бил Дали шілденің 10-ы күні.

Бил Далидың айтуынша, бұл шешімге Пәкістанның бірнеше ісі себеп болған. Лаңкестікке қарсы күресте Пәкістан АҚШ-тың маңызды серіктесі екенін айтқан Бил Дали екі ел арасындағы қарым-қатынас ширығып тұрғанын ескертті.

Бұған дейін "Нью-Йорк Таймс" газеті Пәкістанға бөлінген 2 миллиард долларлық көмектің 800 миллионы берілмеуі мүмкін деп жазған еді. Бұл шешім Пәкістанды лаңкестікке қарсы күресуге мәжбүрлеу, оған қоса америкалық әскери нұсқаушыларды елден қууына наразылық білдіру мақсатында қабылданған.