БҰҰ Орталық Азиядағы су мәселесіне алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдалануға алаңдаушылық білдірді. Орталық Азия мемлекетттері Әмударияның суын бірігіп пайдаланса, бұл аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің кілті болады.

Дүйсенбі күні жарияланған БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жариялаған баяндамада осылай делінген.

Судың басына қуатты гидроэлектр стансалар құрлысын жоспарлау, судың төмен жетпей қалуы Әмудария бойындағы Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан үшін негізгі түйткіл болып отыр делінген баяндамада.

Бағдарламаның атқарушы директоры Ачим Стейнердің айтуынша, су ресурстарының азаюы мен судың ластануы тұрақсыздыққа, тіпті қақтығысқа бастап әкелуі мүмкін.

Баяндамада Әмудария құятын Арал теңізінің деңгейі 26 метрге түскендігі айтылған.