Мәскеуде неонацистер өмірлік түрме жазасына кесілді

«Ұлтшыл-социалистік қоғам» мүшелері сот залында.

Мәскеу өлкелік соты «Ұлтшыл-социалистік қоғам» жетекшісі Лев Молотковты өмір бойы түрмеге қамауға шешім шығарды.

Ол 2007-2008 жылдары бүкіл Мәскеуді дүрліктерген 27 кісі өліміне айыпты деп танылды. Дүйсенбі, шілденің 11-і күні үкім шығарған судья Николай Ткачук Лев Молотковтың қоғамға аса қауіпті екенін айтты.

Молотковтың 12 жақтасының төртеуі өмірлік түрме жазасына кесілді, біреуі сотқа көмектескендіктен шартты түрде сотталды. Басқалары 10-нан 23 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Лев Молотков тобының кейбір мүшелері лаңкестік айыбымен сотталды. Топ мүшелері сот отырысы барасында неонацистік және антисемиттік ұрандар айтып, судьяны бірнеше рет келемеж етті.