Қазақстанда құтыру дертінен бала қайтыс болды

Қазақстанның Қызылорда облысында 10 жастағы бала құтыру дертінен көз жұмды деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

"Науқас жексенбіге қараған түні қайтыс болды, құтыру диагнозы расталды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Әлгі бала шілденің 13-інде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыр халде түскен болатын.