Сирия оппозициясы Асадпен күресу үшін кеңес құрды

Оппозициялық тұлғалардың кездесуі. Дамаск, 27 маусым 2011 жыл.

Сирия оппозициясының Стамбулдағы кездесуінде Ұлттық құтқару кеңесі құрылды. Оған исламшыл, либералды және тәуелсіз тұлғалар мүше болып сайланды.

Оппозициялық жиынға қатысқан 350-ге жуық адамның басым бөлігі осыдан бірнеше жыл бұрын елден шығып кеткен қуғындағы сириялықтар болып табылады.

Бүгін Ұлттық құтқару кеңесі комитет құрып, оған 11 мүшені тағайындайды. Сирияның оппозициялық топтары өзара байланыстарын күшейтпек.

Жұма күні Сирияда президент Башар әл-Асад режиміне қарсы үлкен шеру өтті. Үкімет күштері кемінде 32 қарапайым азаматты өлтірді.