Ауғанстанда қауіпсіздікке қатысты өтпелі кезең басталды

Ауғанстан ұлттық армиясының сарбаздары. Көрнекі сурет.

НАТО жетекшілік ететін күштер бүгін ресми түрде Бамиян уәлаятындағы қауіпсіздікті ауған полициясына тапсыра бастады.

Жергілікті полиция штаб-пәтеріндегі ресми шара туралы алдын-ала хабарланбады және теледидар арқылы көрсетілмеді. Президент Хамид Карзай бұл шараға қатыспады.

Ауғанстан әскерилеріне елдегі қауіпсіздікті тапсыруға қатысты өтпелі кезең 2014 жылға дейін аяқталуы тиіс.