АҚШ сенаты Оңтүстік Суданның тәуелсіздігін мойындады

БҰҰ мүшесі болғаннан кейін ұйымның штаб-пәтерінде тігілген Оңтүстік Судан туы. Нью-Йорк. 14 шілде 2011 жыл.

АҚШ сенаты Оңтүстік Суданның тәуелсіздігін мойындауға дауыс беріп, хаттама қабылдады.  

Оңтүстік Судан шілденің 9-ында өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Шілденің 14-інде Оңтүстік Судан БҰҰ-ға 193-мүше болып қабылданды. Бұл ел 20 жылға созылған соғыстан кейін өз тәуелсіздігін жариялады.

Суданның оңтүстігіндегі тұрғындар қаңтар айында өткен референдумда Оңтүстік Судан тәуелсіздігін жақтап дауыс берген еді.