Ресей Польша көкөнісін елге әкелуге рұқсат берді

Ресейдегі көкөніс сатушы әйел. Санкт Петербург. 9 маусым. 2011

Ресейдің тұтынушылар құқын қорғау агенттігі сәрсенбіден бастап Польшадан келетін көкөніс импортын қайта қалпына келтіруге жол ашқанын хабарлады.

Ресей маусымның 2-нен бері E.coli бактериясына байланысты Еуропа одағынан келетін көкөніс импортына тыйым салған болатын.

Кейін Мәскеу Еуропа одағының кейбір елдерінен кепілдік алғаннан кейін Ресейге келетін тауарларға салынған тыйымды алған еді.