Иранда өлтірілген ядролық маман емес, студент болып шықты

Иран билігі сенбі күнгі атыстан қаза тапқан елдің ядролық бағдарламасына қатысушы физик емес, университет студенті Дариуш Резаинежад екенін айтып отыр.

Осының алдында мемлекеттік ақпарат өкілдері оны ядролық маман деп жариялаған болатын. Иранның ағылшын тілді телеарнасы қаза тапқан адамды ядролық маманның атымен беру көпшілікті шатастырды деді.

Жексенбі күні тергеушілер Тегеранда оққа ұшқан профессор физик Дариуш Резай емес Хаджех университетінің студенті екенін анықтаған. Иран билігі бірден бұл шабуылдар үшін АҚШ пен Израилді ирандық ядролық мамандарды нысанаға алып жатыр деп айыптап шыққан.

Батыс елдері Иранды ядролық қару жасап жатыр деп айыптаса, Тегеран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін алға тартып келеді.