Триполиді бомбалау түнде де жалғасты

Баб ул-Азизия ауданындағы сарбаз. Триполи. 7 маусым 2011 жыл.

Триполиде өткен түні де дүмпулер болды. НАТО-ның хабарлауынша, Ұлыбритания ұшақтары қаладағы Баб ул-Азизия ауданындағы әскери гарнизонды бомбалады.

Бұдан бұрын Ливия билігінің өкілі Мұса Ибрагим Муаммар Каддафидің көтерілісшілермен келіссөзге дайын екенін айтқан еді. Алайда билік Каддафидің орнында қалуын шарт ретінде ұсынып отыр.