АҚШ конгресі дефолттың алдын алуға келісті

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ конгресіндегі демократтар мен республикашылдар елдің қарыз лимитін өсіру жөнінде мәмілеге келді. Бұл дефолттың алдын-алу үшін қажет болды.

Осы жайында Америка президенті Барак Обама мәлімдеді.

Екі партияның және президент әкімшілігінің қатысуымен жасалған келісімді енді конгресстің қос палатасы мақұлдауы керек. Өкілдер палатасының төрағасы, республикашыл Джон Бейнер дауыс берудің "мейлінше тезірек" өтуі керектігін айтты. Егер келісім мақұлданбаса, сейсенбі күні АҚШ дефолт жариялауға мәжбүр.

Келісімде мемлекеттік шығынды айтарлықтай қысқарту жайы қарастырылған. 10 жыл ішінде шығын 1 триллион доллардан төмен болмауы керек. Зейнетақы жүйесі мен денсаулық саласы өзгеріссіз қалмақ. Ауқаттыларға арналған салық жеңілдігі де күшінде қалады.