Қауіпсіздік кеңесі Сирияны айыптайтын қарар жобасын талқылауда

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні Сирия билігінің наразылық білдіргендерді аяусыз жаныштағанын айыптайтын қарар жобасын талқылады.

Шілденің 31- інде Хама қаласындағы және басқа да өңірдегі Сирия әскері операциясы кезінде кем дегенде 140 шеруші қаза тапқан соң, Қауіпсіздік кеңесінде бұл мәселе қайта көтерілген еді. Хамадағы операция тамыздың 1-інде де жалғасқаны хабарланып отыр.

Бұдан алдын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Ұлыбритания, Франция, Португалия және Германия Сирияны айыптау қарарын ұсынған еді. Алайда оған Ресей мен Қытай бастатқан елдер қарсы болды.