Қашқар оқиғасының күдіктілері қаза тапты

Тамыздың 1-інде Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Қашқар қаласында полицейлер ұстамақ болған кезінде екі ұйғыр қаза тапты. Қаза тапқандардың қаладағы тәртіпсіздіктерге қатысы болуы мүмкін екені айтылады.    

Шілденің 31-інде шабуылдаушылар тобы Қашқарда кем дегенде алты адамды өлтірген еді. Полиция олардың бесеуін атып, үшеуін қолға түсірді. 

Қытай билігі Қашқардағы оқиғаны Пәкістанда дайындықтан өткен "діни экстремистер" ұйымдастырды деп санайды.