АҚШ-тың бұлыңғыр экономикасы нарық бағасына әсер етті

Ғаламдық қаржы нарығындағы бағалар әлем экономикасына қауіп төндірген АҚШ-тың ықтимал дефолтының алды алынғаннан кейін түсіп кетті.

Кеше Азия мен АҚШ-тың қаржы биржасындағы баға қатты түскеннен кейін Еуропалық биржа да бүгін төмен бағамен ашылды.

Бұл экономикалық құлдыраулар АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-тың федералды қарыз лимитін өсіруге қатысты заңға қол қойған соң болып отыр.