Қазақстанда мұнай тасып бара жатқан көлік аударылды

Бүгін таңертең Қазақстанның оңтүстігінде 30 тонна мұнай тасып бара жатқан көлік аударылып, мұнай 270 текше метрдей жерге дейін төгілді.

Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады деп РИА новости агенттігі хабарлаған.

Көлік апаты Қызылорда-Жезқазған тасжолында болған. Көліктегі мұнайдың бәрі далаға ағып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр.