«Қорғас» шекаралық орталығының бұрынғы басшылары сотталды

Қорғас бекетіндегі жолаушылар.

Сейсенбі күні Алматы облысы Панфилов аудандық соты «Қорғас» шекаралық орталығының бұрынғы басшыларына қатысты үкім шығарды.

Бұл турасында Интерфакс-Қазақстан агенттігі қаржы полициясына сілтеме жасап хабарлады. Сейсенбі күні сот  «Қорғас» шекаралық орталығының бұрынғы басшысы Нұрлан Сейдәліні - 9 жылға,  «Қорғас-Сервис» кәсіпорнының бұрынғы басшысы Ерлан Рахымбаевты 7 жылға соттау жөнінде үкім шығарған. Бұған қоса екеуінің де мүлкі тәркіленетін болды.

Ал мердігер ұйымдардың басшылары Белозеров пен Дәулетов 5 жылға сотталды.