Техас губернаторы президент сайлауына түсуі мүмкін

Американың Техас штатының губернаторы Рик Перри республикашы партия атынан 2012 жылдың қарашасында өтетін президент сайлауына түспек ниетте.

Бұл турасында бейсенбі күні оның баспасөз-хатшысы Перри Марк Майнер айтты. Айтуынша, Рик Перри сенбі күні осы турасында ресми мәлімдеме жасамақ.

Бақылаушылардың айтуынша, Техаста көптеген жұмыс орнын ашқан Перридің сайлауда жеңу мүмкіндігі басым.