Лондондағы бүлікке қатысты 600 адамға айып тағылды

Полицейлер Лондонның оңтүстігінде күдіктіні ұстады. 11 тамыз 2011 жыл.

Лондон полициясының мәлімдеуінше, Ұлыбритания астанасындағы тәртіпсіздік әрекеттеріне байланысты 600-ге жуық адамға айып тағылған.

Сенбіде Лондонда басталып, елдің басқа да қалаларына тараған тәртіпсіздік, тонау және өртеу әрекеттеріне қатысты 1700-ден астам адам қамауға алынды. Төрт түн бойы жалғасқан толқуларда 5 адам қаза болды. Қазір үш адам адам өліміне байланысты полицияның сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Премьер-министр Дэвид Кэмерон елде соңғы 30 жылда тіркелген ең ірі бүлікке кінәлілер жазаланады деп уәде етті. Билік елдегі тәртіпсіздік әрекеттерін қылмыскерлікпен байланыстырып отыр.

Ресми өкілдердің айтуынша, толқулардың саяси астары жоқ.