Муаммар Каддафи көтерілісшілерден азат етуге шақырды

Ливия басшысы Муаммар Каддафи.

Ливия басшысы Муаммар Каддафи өз жақтастарын көтерілісшілер басып алған қалаларды азат етуге шақырды.

Мемлекеттік телеарнадан таратылған Каддафидың аудио-үндеуінде ол елді "сатқындар мен НАТО-дан" да азат ету керегін айтқан.

Көтерілісшілер болса, өздерінің астанаға баратын жолдағы екі стратегиялық қалада алға жылжығандарын хабарлады. Қазір Триполи батысы мен шығысындағы Әз-Зауие және Гариян қалаларында ұрыс жүріп жатыр. Бірақ билік бұл екі қаланың өз бақылауында екенін айтады.

Соңғы күндері көтерілісшілер соңғы бірнеше айдағы азаматтық соғыста біршама табысқа қол жеткізгені хабарланды.