Қарағандыда түрмеден қашқан үш адамның екеуі ұсталды

Қарағанды облысындағы АК 159/20 қоныстандыру колониясынан 15 тамызда қашып кеткен үш адамның екеуі ұсталды.

Бұл туралы Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап, "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Департамент өкілінің айтуынша, үш тұтқын қашудан бұрын өздерінің қиын жағдайда ұсталатынын, мекеме қызметкерлерінің қысым көрсететін айтып, шағым түсірген. Қазір комиссия құрылып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.