Қырым премьер-министрі дүниеден өтті

Қырым премьер-министрі болған Василий Джарты.

Қырым премьер-министрі Василий Джарты қайтыс болды. Оның баспасөз хатшысы Виолетта Лисинаның мәлімдеуінше, Джарты сәрсенбіге қараған түні көз жұмған. Ажал себебі айтылмады. 

Джарты 2010 жылдың наурыз айында Украинаның автономиялық Қырым республикасының премьер-министрі болып тағайындалған, одан бұрын Украинаның қоршаған орта министрі қызметін атқарған.