АҚШ Қазақстанды лаңкестік қауіп төндіретін ел деп қарастырмайды

АҚШ туы

АҚШ Қазақстанды лаңкестік қауіп төндіретін ел деп қарастырмайды деп хабарлайды АҚШ-тың Астанадағы елшілігі.

"АҚШ Қазақстан үкіметін лаңкестікті қолдайды деп қарастырмайтынын қайталап айтады. АҚШ лаңкестікпен күрестегі әріптестігімізді бағалайды", - делінген жұма күні елшілік баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шілде айында Қазақстанның АҚШ иммиграциялық қызметінің ерекше тізіміне кіргендігі белгілі болған еді. Астана бұған байланысты түсінбеуішілік пен алаңдаушылық танытқан болатын.

Елшіліктің мәліметінше, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігі Қазақстан ілінген ерекше белгіленген елдер тізімін жойып жатыр.