Ливия көтерілісшілері Туниспен арадағы шекараны өз бақылауына алды

Ливия картасы

Ливия көтерілісшілері Туниспен арадағы Рас Ждир шекаралық бекетін өз бақылауына алды. Олар биліктен құлатылған Муаммар Каддафидің қашып кетуіне мүмкіндік беретін жолдарды жауып тастамақшы.

Тунис ресми өкілінің айтуынша, бүгін Рас Ждирге көтерілісшілер келісімен, Каддафидің жақтастары қашып, шекарадан өткен.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун шайқастар жалғасып жатқан Ливиядағы тәртіпті тезарада қалпына келтіруге шақырды.

Көтерілісшілер мен НАТО әскери ұшақтары Каддафидің туған қаласы - Сиртте шабуылдарын күшейтіп жатыр.