Бағдад мешітіндегі жарылыс кемінде 28 адамның өмірін әкетті

Бағдадтағы жарылыс болған сүнниттер мешіті.

Ирақ астанасындағы сүнниттердің ірі мешітінде болған жанкештілік жарылыс ондаған адамды жаралап, кемінде 28 кісінің өмірін қиды.

Ресми өкілдердің айтуынша, жексенбі күнгі мінәжат кезінде бір жанкешті өзін жарып жіберген. Қаза тапқандар арасында парламент депутаты Халид әл-Фахдави бар. Шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.

Бұл тамыздың 15-де 70 шақты адам құрбан болған жанкешті шабуылдарынан кейінгі үлкен жарылыс болып отыр.