Душанбеде ТМД саммиті басталды

Тәжікстан астанасында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы басшылары саммитке жиналды.

Оған ТМД-ға мүше 11 елдің сегіз мемлекет басшысы қатысып жатыр. Өзбекстан, Әзербайжан және Беларусь президенттері басқосуға келмеген.

Күн тәртібінде ТМД болашағы мен халықаралық мәселелер тұр.

Келіссөздер барысында ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттар қабылданады деп жоспарланған. Сонымен қатар желтоқсан айында атап өтілетін ТМД-ның 20 жылдығына байланысты мәлімдеме жасалады.