Ауғанстанда жоғалған екі германиялықтың мәйіттері табылды

Ауғанстанның Парван провинциясының басшысы Басир Салаңи

Кабулдың солтүстігінде өткен айда із-түзсіз кеткен екі Германия азаматының мәйіті бүгін табылды.

Бұл туралы Рейтерс агенттігіне Парван провинциясының басшысы Басир Салаңи хабарлап, олар оқтан қаза тапқан сияқты деген.

Германия сыртқы істер министрі Гюдо Вестервелле тамыздың аяғында Ауғанстанда екі германиялық жоғалып кеткенін айтып, оларды біреу басып әкеткен болуы мүмкін деген. Вестервелле ол азаматтардың аты-жөнін жариялаудан бас тартқан.