Татарстанда мұсылман фильмдерінің фестивалі ашылды

Бүгін Татарстан астанасы Қазанда мұсылман фильмдері халықаралық фестивалі ашылды. Бұл туралы Азаттық радиосының татар-башқұрт қызметі хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің «Мұсылман фильмдері» деп аталуына қарамастан бұл шара адами құндылықтарды қолдайтын кез келген діндегі режиссерлердің туындылары үшін ашық.

Қыркүйектің 11-іне дейін жалғасатын фестиваль барысында Босния, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және тағы басқа елдердің фильмдері көрсетіледі. Сонымен қатар Австралия, Франция, Германия және АҚШ режиссерлері өз киноларын ұсынған.