Қазақстан футболшылары Әзербайжан құрамасынан жеңілді

Футбол қақпасы. (Көрнекі сурет)

Футболдан 2012 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында сейсенбі күні кешке Бакуде кездескен Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық құрамалары арасындағы ойын 2:3 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Маусым айында Астанада өткен ойында Қазақстан командасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолғы ойыннан соң «А» тобында ең соңғы орында қалған Қазақсан құрамасы енді қазан айында Бельгияда сол елдің командасымен кездеседі, өз алаңында Австрия футболшыларын қабылдайды.